Басты бет Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттік Әнұран Материалы

Видеоматериал

 

 

Емханаға азаматтардың еркін тіркеуі

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары 15 қыркүйектен бастап тұрғындарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту науқаны басталады және 15 қарашаға дейін созылады.

Тұрғындарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға бекіту тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Азаматтар тек бір ғана МСАК ұйымына бекітіледі. Емханаға тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз болуы қажет және тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазуы қажет. Науқан кезінде бекітілген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қызмет көрсету 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, ал бұл уақытқа дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті ағымдағы жылы бекітілген МСАК ұйымында аласыз.

Сонымен қатар, емханаға www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле аласыз. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі.

Егер Сіз өзіңіз тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның көрсететін қызметіне қанағаттансаңыз және осы жылы бекіту науқанына қатыспаған болсаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылықызмет көрсету үшін бекітуге құқылы.

Клиникалық-диагностикалық зертхана

 

Өткізілетін терапияның тиімділігіне бақылауды және аурулардың тез арада және нақты диагностикалауды жүзеге асырады. Зертханада жоғары сапалы және ең тез арада жасалатын зертханалық зерттеулердің кең спектрін қамтамасыз ететін автоматтандырылған замануи жабдықтар қолданылады. Автоматтандырылған анализатор көмегі арқылы несептің экспресс анализі жасалады. Қақырықтың, несептің және басқалардың посевін микробиологиялық зерттеуі орындалады. Емхана медициналық қызмет көрсету нарығында тұрақты беделі мен қалыптасқан дәстүрлеріне ие, кәсіпті дәрігерлермен жинақталған.

 

Жаңалықтар

Наполнение

Күндізгі стационар

 

Емхананың күндізгі стационары 20 терапиялық жатын орынға есептелген.

2011 жылы күндізгі стационарда күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді, палаталар жаңа жиһаздармен жабдықталған. Күндізгі стационарда соғыс ардагерлері мен қатысушыларына және оларға теңелген тұлғаларға арналған жеке палатасы бар.

 

Күндізгі стационардың төсек қоры анықталған шараларында тәулік бойы жатын орындардың тапшылығын толықтырады. Науқастарды іріктеу бөлімшелер меңгерушілердің бақылауымен бастапқы қабылдауды жүргізетін дәрігерлермен жүзеге асырылады.

Ішкі категориялар

  • Отделения

    В данной категории располагаются материалы компании ACGroup.