Басты бет Тұрғындарға Бөлімшелер Физиотерапия бөлімшесі

Физиотерапия бөлімшесі

 

Физиотерапия бөлімшесі әр түрлі физикалық сипаттары бойынша кең таралған бөлімше, бұнда іс-әрекет механизмі мен аппараттық емдеу спектрін емдеуді қолдану барлық замануи талаптарға сәйкес келіп, адамға ауырсынусыз және дәрі-дәрмексіз көмек көрсету негізгі міндетін шешу болып табылады.

 

Бөлімшеде кеңінен таралған:

  • Магнитотерапия артроздар мен артриттер, остеохондроздар мен радикулиттерді емдеуде тиімді, өйткені шеміршектерге қуат көзін ұсыну арқылы жақсы жаңартып, ісіктер мен ауырсынударды жояды. Магнитотерапияның тиімділігі лазеротерапияны бірлесе қолданғанда екі есе күшейтіледі. Инфрақызыл лазерлер жарақаттар мен ойық жараларды жақсы емдеп, капиллярлардың жағдайын жақсартып, ауырсыну синдромын шешеді, жеңілдетеді, осыған орай, аталған әдісті гинекологияда, асқазан ішек-қарын жолының ауруларын емдеуде, сонымен қатар лор органдарын, тері ауруларын емдегенде қолданылады.
  • Дәрі-дәрмек қамтамасыз етуден басқа ультрадыбыс вибромассаж жасайды, бұл кеңінен инфильтраттарды, тығыздау мен жабысқан тері үдерістерін таралуы үшін қолданылады. Дарсонвализация тері ауруларын емдегенде, тері бөртпесі мен шаш түсуді емдегенде белсенді қолданылады. Оның көмегі арқылы гипертония және ұйқы бұзылуы, гинекологиялық және неврологиялық аурулармен күреседі.
  • Электротерапия кеңінен қолданылады: гальванизация, электрофорез, амплипульс-терапия. Бұл дәрі-дәрмекті микродозаларда ауырсыну орнына тура жеткізуге және ауыратын органда шамалап жинақталу мүмкіндігін береді, аталған әдіс арқылы үйрену әсерін бермейді.
  • УФСБ (ультрафиолеттік сәулет беру) жұқпалы ауруларда, жұқпалы жарақаттарда, отадан кейінгі жарақаттарда, лор ауруларда тиімді қолданылады (ангиналарда, тонзиллиттерде, отиттерде, мезотемпаниттерде), беттері суланатын дерматиттерде, қолаяқтың трофиялық жарақаттарында, фурункулларда, курбункулларда, тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттарында қолданылады.
  • Электро ұйқы орталық жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке жүйесінің ауруларында белсенді қолданылады (невроздар, астеникалық және долдану жағдайларында). Физиотерапия бөлімшесінің арсеналында басқа да емдеу шаралары бар: интерферренция тоқтарымен терапия, ультрадыбыстық ингаляциялар, шамдық терапия, механотерапия, емдеудің дербес түрі ретінде ұсынылатын әр түрлі массаждар, сондай-ақ емдеу дене шынықтырумен қатар, физиотерапиялық процедуралар.

Физиотерапиялық бөлімше келесі аппаратуралармен жабдықталған:

  • УВЧ-70-01 А аппараты
  • Электрофорезге арналған Поток-1 аппараты
  • Жергілікті дарсонвализациялауға арналған - Искра аппараты
  • Магниттік лазерлік терапияға арналған Милта-Ф-8-01 аппараты
  • «Мустанг-2000» аппараты
  • Элекро ұйқыға арналған «ЭС-10-5» аппараты
  • Фототерапияға арналған «ОРК-21» аппараты
  • СМТ- терапияға арналған «Амплипульс-4» аппараты
  • Ультрадыбыстық терапияға арналған PHYSIOSON Basic аппараты