Басты бет Біздер туралы Жаңалықтар "Сүндеттеу жай ғана дәстүр емес!"

"Сүндеттеу жай ғана дәстүр емес!"


Ислам дінін ұстанатын халықтар ұлдарын 3-5 жасқа келгенде сүндетке отырғызады. Медицинада "циркумцизия" деп аталатын бұл ғұрыпты

міндетті түрде ауруханада, хирург маманға жасату қажет. «Сүндеттеу жай ғана дәстүр емес. Оның басты артықшылығы – ерлер мен әйелдердің жыныстық жүйесіндегі қатерлі ісіктің алдын алуға мүмкіндік беретіндігінде», - дейді Онкология және радиология ҒЗИ дәрігері Гүлнар Рысқұлова. 
Айтуынша, отаны дені-қарны сау балаға ғана жасауға болады. Операция барысында зарарсыздандыру мен анестезияның барлық талаптарын бұлжытпай орындау қажет. Егер баланы хирургия саласындағы заманауи технологиялармен жабдықталған клиникаларда сүндеттесе көптеген қиындықтардың алдын алуға болады, дейді маман

Ақпарат fms.kz парақшасынан алынды

#27қалалықемxанаалматы