Басты бет Біздер туралы Жаңалықтар Спорт -денсаулық кепілі

Спорт -денсаулық кепілі

Спорт -денсаулық кепілі!

Біле -білсеңіз ақшалы адамға қарағанда, спортпен шұғылданатын азаматтар өздерін әлдеқайда бақытты сезінеді екен. 

✔Йель және Оксфорд университеттерінің ғалымдары адам псиxикасына мол қаржы, байлық емес, дене жаттығуы маңыздырақ деген тоқтамға келіпті. Мамандар тұрақты спортпен айналысатындар жылына 35 күн өзін жайсыз сезінетінін, ал аз қимылдайтын адамдар 12 айдың 53 күнін псиxикалық күйзелісте өткізетінін анықтаған.

Сондай-ақ, физикалық белсенді адам мен табысты азаматтың көңіл-күйі бірдей болады екен. Өйткені мол пайда мен физикалық жаттығудың нәтижесіне қарап адамның өзіне көңілі толады. Негізі, кәсіпке, мол қаржы табуға жұмсаған күш-жігерін адам спортқа салса, әлдеқайда көтеріңкі көңілде жүрер еді. Бірақ ауыр дене жаттығуы сізді бақытқа бөлей қоймас. 30-60 минуттан аптасына үш-бес рет жаттыққан дұрыс. Ал күніне үш сағат спорт залда өткізетіндер қимылы аз адамға қарағанда псиxоэмоционалды қиындыққа жиі ұшырайды.

Сонымен қатар, ғалымдар жеке жүргеннен, спорт залға көпшілікпен барған дұрыс дейді. Адамдар бір-бірімен араласады, мақсаттары ортақ, мотивация алады.

#27қалалықемханасыАлматы #спортденсаулықкепілі