Басты бет Біздер туралы Жаңалықтар МӘМС пакетінің артықшылығы неде және қазақстандықтарға медициналық сақтандыру қоры не береді?

МӘМС пакетінің артықшылығы неде және қазақстандықтарға медициналық сақтандыру қоры не береді?

ОСМС: Медстрахование в Казахстане

МӘМС пакетінің артықшылығы неде және қазақстандықтарға медициналық сақтандыру қоры не береді?

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіледі.

Сөйтіп, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен (ТМККК) бөлек жаңа медициналық пакет пайда болады, оны Медициналық сақтандыру қорына қатысушылар ғана пайдалана алады. 
Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, МӘМС жүйесіне халықтың 94,5% қатысады. Жеке төлем жасап жүргендердің саны шамамен 1 млн. адам (халықтың 5,5% - ы), оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген 770 мың азамат әлі тіркелмеген.

Бүгінге дейін жұмыс берушілер 5,7 млн жалдамалы қызметкері үшін ақша аударған. 800 мыңға жуық жеке кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар 2020 жылдан бастап МӘМС қорына жарна төлейді. 

Мемлекет азаматтардың 15 санатына: көп балалы аналар, зейнеткерлер және әлеуметтік аз қамтылған топтар үшін жарна төлейді. Барлығы шамамен 10, 9 миллион адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға арнап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, бүгінде оны 100 мыңнан астам адам төлейді.

МӘМС пакеті медициналық сақтандыруға қатысқан азаматтар үшін консультациялық және диагностикалық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттыруды көздейді. Бұл саланы қаржыландыру 3 есеге (80 млрд теңгеге дейін) артады. Сондай-ақ, науқасты оңалту және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды 2,7 есеге (39 млрд теңгеге дейін) ұлғайту көзделіп отыр.

МӘМС пакетінде 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және көп балалы аналарға стоматологиялық қызмет көрсету қарастырылған. Ең басты жаңалық - дені сау ересек азаматтар үшін check-up болады.

МӘМС қатысушыларына стационардың орнын басатын көмек ретінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер, оңалту және қалпына келтіру көмегі және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кейбір түрлері қолжетімді болады. Сондай-ақ, МСАК базалық қызметтеріне экспресс-талдаулар енгізіледі. МӘМС пакеті жүзеге асқан соң, жеке тұлғалар мен мемлекеттік медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестікті күшейту арқылы, медициналық қызметтер жанданып, сондай-ақ медициналық қызметтер нарығының ашықтығы артуы тиіс. Бірақ, тарифтер өседі – ол медициналық бизнеске бұрыннан мәлім жағдай. Бұл жалақыны арттыруға ғана емес, сонымен қатар орта мерзімдегі перспективаға қолжетімділік пен сапа мәселесін де шешеді деген болжам бар.

Тарифтермен жұмыс жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қорына түсетін қаражатты есепке ала отырып, келесі жылдан бастап оларды арттыру үшін қосымша есептер дайындайды.

МӘМС пакетіне кіретін қызметтер тізімін толық түсіндіру үшін шағын инфографика дайындадық.
МӘМСҚ қалай қатысуға болатынын мына сілтемеге кіріп оқыңыз: https://fms.kz/ru