Денсаулық жолы

№27 қалалық емханасы дәрігерлері «Денсаулық жолы» атты ұлттық бағдарлама аясында өз жұмыстарын жүргізуде.

Бағдарламаның мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру. Осы арқылы халық денсаулығын сақтау. Яғни халыққа саламатты өмір салты негіздерін үйретуді одан әрі жалғастыру.

Негізгі қағидаттар

Бағдарлама дұрыс тамақтанудың келесі қағидаттары мен ұсынымдарына негізделеді:

Тамақ әртүрлі болуы керек, бірақ жоғары калориялы емес, ең алдымен өсімдік тектес өнімдерге артықшылық беру керек;

Нан, жарма және макарон өнімдері, күріш, бұршақты күнделікті қолдану керек;

Әр түрлі көкөністер мен жемістерді күніне бірнеше рет (400 грамнан астам) пайдалану керек. Артықшылық-жергілікті өндіріс өнімдеріне;

Дене салмағы ұсынылған шекараларға сәйкес болуы керек. (Дене салмағының индексі 18,5-25 шегінде. Кетле формуласы бойынша есептеледі: ДСИ=M(кг): H*2 (м), мұндағы M – салмағы, H – бойы.). Дене белсенділігінің қалыпты деңгейін ұстап тұру керек;

Құрамында майы мен тұзы төмен сүт және сүт өнімдері (айран, қышқыл сүт, ірімшік, йогурт) күнделікті рационда қажет;

Құрамында майы жоғары ет және ет өнімдерін бұршаққа, балыққа, құсқа, жұмыртқаға немесе ет сорттарына ауыстыру керек. Ет, балық немесе құс порциялары аз болуы тиіс;

Ботқа мен бутербродта "көрінетін" майды тұтынуды шектеу, ет-сүт өнімдерінің майы төмен сорттарын таңдаңыз;

Қант тұтынуды шектеу: тәттілер, кондитерлік өнімдер, десерттер және тәтті газдалған сусындар;

Нанда, консервіленген және басқа да өнімдерде болатын тұзды ескере отырып, тұзды жалпы тұтыну күніне бір шай қасықтан (5 грамм) аспауы тиіс. Йодталған тұзды пайдалану ұсынылады;

Алкоголь - адам денсаулығына зиянды өнім. Сондықтан алкогольді ішімдіктерді алып тастау ұсынылады.

Тағамдағы майлардың мөлшерін азайту үшін тағамды қауіпсіз тәсілмен дайындау ұсынылады, яғни тағамды қуыру емес, буда пісіру керек.

Бала өмірінің алғашқы алты айы бойы тек қана емшекпен емізуді ұстану. Емшек емізу екі жылға дейін жалғасуы мүмкін.