Су

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады.

Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан, күніне сонша су ішіп отыруы қажет.
Қазір жаз мезгілі. Газды сусындардан бас тарқаныңыз жөн. Ол ағзаға зиян келтірмесе, пайдасы аз. Суық су ішу де өте зиян. Себебі суық суды жылытуға асқазан көп энергия жоғалтады. Таңда міндетті түрде аш қарынға жылы су ішіп, ағзаңызды оятуға кеңес береміз.
Судың денеге пайдалары:

  • Дене температурасын тұрақтандырады.
  • Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.
  • Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
  • Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді
  • Денені жарақаттанудан қорғайды.
  • Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
  • Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

 

  • Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
  • Қан қоюланады.
  • Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
  • Нәжіс сары түсті болады
  • Іш қатуына(запор) себеп болады.
  • Сондықтан, балаңызға су ішуді міндетті түрде үйретіңіз

Ал сіз ше, суды күнделікті жеткілікті мөлшерде ішіп жүрсіз бе?