Салтанатты жиын

 

ШЖҚ «№27 Қалалық емхана» МКК »Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне орай мерекелік жиналыс өткізілді. Қазақстан республикасының әнұраны орындалды.

Бас дәрігер Иманбекова Жанна Бердібековна емхана ұжымына өз құттықтау сөзін айтты.

Бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Тәуелсіздікке ұмтылыс қашан да кедергі мен күреске толы болғаны баршамызға аян. Осы ауыр жолда тағдырдың талай сынағына төтеп беріп, бостандық үшін күреске бар ғұмырын арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке.

Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес, сонымен қатар орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз. Тәуелсіздіктің арқасында қоғамдық-саяси өмірде, экономикада түбегейлі реформалар жасалды. Елбасымыз, дүниежүзілік саяси ауқымдағы тұлғалардың бірі. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден аймақтағы көшбасшы мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық.Отанымыздың мемлекеттілігін нығайтудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен және алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Барша шаңырақ баянды бақ-дәулетке кенеліп, елімізде ынтымақ салтанат құрып, ырысымыз ортаймасын! №27Қалалық емхана әкімшілігі дәрігерлер мен мейрбикелерді ерен енбектерін бағалай отырып «алғыс хат» және «грамота» мен құттықтады.Емханаға келіп жатқан пациенттер де сөз кезегін күтіп өз құттықтау сөздерін айтуда болды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған Алатау шипажайында өтілген мерекелік жиында ақпараттық-коммуникациялық вице –министрі А.Ажибаев және Наурызбай ауданынын әкімі С.Сайфеденов біздін №27 Қалалық емхана бас дәрігері Иманбекова Жанна Бердибековна мерекелік медальмен марапатталды.№27 Қалалық емхана ұжымы шын жүректен құттықтайды.Сонында ұжым ұйымдастырған кішігірім концерт қойылды.